№2 Хромтау гимназиясы

 

2.jpg

kazkaf15011
Учителя казахского языка и литретуры

 

kazkaf26127

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында мектепішілік семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында тәжірибелі ұстаз Тюлемисова Гайни Саингалиевна қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдануға болатын «Шырақ ай» платформасының мүмкіндіктерімен таныстырып, цифрлық ресурстарды сабақта қолданудың нақты үлгілерін көрсетті.
Сондай-ақ, кафедраның жас мамандары Шакенова Нұрайым Нұрдолдақызы мен Қанибаева Аружан Бағлановна өз сабақтарында қолданатын заманауи цифрлық құралдарымен бөлісіп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар мазмұнды, тәжірибелік бағытта өтіп, ұстаздар үшін пайдалы идеялар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Барша әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

kazkaf26126

19 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында
8 «А» сыныбында Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» романы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты өткізген Рысмамбетова Зарина Сарсембаевна.
Сабақ барысында оқушылар шығарма мазмұнын терең талдап, кейіпкерлер бейнесін ашып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, әріптестер тарапынан оң бағасын алды.
Әдебиет арқылы ұлттық рух пен тарихи сананы қалыптастыру — бүгінгі сабақтың басты өзегі болды.

 

kazkaf26125

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында
19 желтоқсан күні 7«Б» сыныбында «Жарасымды да сәнді киінеміз» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақты кафедрамыздың жас маманы Толғанай Есболсынқызы өткізді. Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын дамыту, өз тойын еркін жеткізу, сән мен киім үлгісі туралы пікір айту дағдылары қалыптастырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ мазмұнды, заманауи әдіс-тәсілдерге негізделіп, шығармашылық бағытта ұйымдастырылды.
Жас маманға шығармашылық табыс, кәсіби шеберлігінің арта беруіне тілектеспіз!

 

 

kazkaf26124

18 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 6«В» сыныбында «Алтынемел ұлттық саябағының кереметі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байсакалова Алма Жұмабайқызы өткізді. Сабақ барысында оқушылар Алтынемел ұлттық саябағының табиғи ерекшеліктерімен танысып, мәтінмен жұмыс, пікір алмасу, шығармашылық тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырды.
Интерактивті әдістер қолданылып, оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, сабақ мазмұнды әрі тартымды өтті.
Табиғатты тану – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.

 
 
kazkaf26123

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында, 18 желтоқсан күні 5«В» сыныбында Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күзембай Майра Жасағанбергенқызы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушылар ұлы ақынның өсиет өлеңінің мән-мағынасын түсініп, ғылым-білімге ұмтылудың маңызын талқылады.
Интерактивті әдістер мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдылары дамытылып, сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті.
Абай мұрасы – ұрпаққа үлгі, білімге бастар шамшырақ.

 
 
 
kazkaf26122

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Тәуелсіздік күніне орай 9–11 сынып оқушылары арасында
«Болашағы жарқын – Тәуелсіз ел» атты тартысты да танымды зияткерлік сайыс өтті.
Білім, тапқырлық, жылдам ой мен шығармашылық бір алаңда тоғысты!
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
Таныстыру – командалардың өз ерекшелігін танытуы.
Сұрақ-жауап – білімнің сыналған сәті.
«Тұлғаны таны» – тарих пен тұлғаға тағзым.
Шығармашылық тапсырма – ой еркіндігі мен қиял ұшқырлығы.
Әділқазылар қорытынды шығарып жатқанда, көрермендер де тыс қалмай, қызықты ойындарға белсене қатысты. Залда шынайы қолдау мен көтеріңкі көңіл күй сезілді.
 Сайыс нәтижесі:
 І орын – 11-сынып (көшбасшылықты дәлелдеді!)
ІІ орын – 10-сынып
ІІІ орын – 9-сынып
Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды .
Болашағы жарқын, білімі биік ұрпақ өсіп келеді – бұл сайыс соның айқын дәлелі!

 
 
 
 kazkaf26121

Әдістемелік бірлестік онкүндігі аясында 15 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Г.С. 10 «А» сыныбында
«Айт қабыл болсын!» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының рухани құндылықтары мен ұлттық дәстүрлеріне қатысты мағлұмат алып, айт мерекесінің мәні мен тәрбиелік маңызын терең түсінді. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылған тапсырмалар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, ой қорыту қабілетін және ұлттық сана-сезімін дамытуға бағытталды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды сабағы үшін әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!

 
 
 
 
kazkaf15121
11желтоқсан күні  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында    1 «В» сыныбында «Мен сурет саламын» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақты қазақ тілі пәні мұғалімі Сейтенова Д. Т. жүргізді.
   Бүгінгі сабақ бастауыш сынып оқушылары үшін өте қызықты өтті. Балалар өздерінің қиял әлеміне еніп, түрлі-түсті бояулармен жұмыс жасап, салған суреттері туралы қазақ тілінде әңгімелеп берді.
   Сабақтың мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, түстер мен заттарды атай білу қабілетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауын арттыру, сондай-ақ қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін күшейту болды.
  Оқушылар тапсырмаларды жоғары қызығушылықпен орындап, өз жұмыстарын таныстырып, өзара пікір алмасты. Әр бала өз ойын еркін жеткізіп, тілдік қорын байыта түсті.
  Бүгінгі ашық сабақ балғын бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін ашып, тілдік дамуына ықпал еткен жарқын іс-шара болды.
 
 
 
 
kazkaf1512
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 10 желтоқсан күні 3 «В» сыныбында «Көктөбеге шығамыз» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты қазақ тілі пәні мұғалімі Сейітова Г. Ж. жүргізді.
    Бүгінгі сабақ ерекше форматта өтті – оқушылар өздерін шынайы саяхатқа шыққандай сезінді. Олар топтық жұмыс жасады, бағыт-бағдар белгілерін анықтап, жол сілтейтін сөздер арқылы «Көктөбеге» қызықты әрі пайдалы саяхат жасады.
    Сабақтың мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту, бағыт-бағдар айту дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру болды. Балалар тапсырмаларды белсенді орындап, өз ойларын еркін жеткізді.
   Сабақ соңында оқушылар саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ тілінің күнделікті өмірде қаншалықты қажет екенін тағы да ұғынды.
      Осындай мазмұнды, баланың қызығушылығын оятатын сабақтар арқылы біз оқушылардың тілдік қабілетін дамытып, танымдық көкжиегін кеңейте береміз!

 

 

 

kazkaf

9 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 4 «А» сыныбында қазақ тілінен «Ас мәзірі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті.
Сабақты қазақ тілі пәні мұғалімі Тнаева Ш.К. жоғары деңгейде өткізіп, оқушыларға тағам атаулары, ас мәзірін құрастыру және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты тапсырмалар ұсынды.
Балалар белсенді қатысып, жаңа білімдерін тәжірибеде қолдана алды.
Мұғалім оқушылардың сөздік қорын байытып, қазақ тілінде еркін ойын жеткізуге ынталандырды.
Онкүндік аясындағы іс-шаралар өз жалғасын табуда!
Бізбен бірге болыңыздар!

 

 

 

kazkaf1

8 желтоқсан күні гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі салтанатты түрде бастау алды.
Онкүндіктің мақсаты — оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әдебиет әлеміне жақындату.
     Ашылу барысында танымдық ойындар, сұрақ-жауап кезеңдері өтіп, мазмұнды көрме көпшілік назарына ұсынылды. 
     Онкүндік 8–19 желтоқсан аралығында жалғасады.
Бізбен бірге болып, қызықты шараларымызға қатысуға шақырамыз!

 

 

 

2025 жылдың 11 наурыз күні гимназиямызда «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында бірлестік мұғалімдері ата-аналар мен оқушылар арасында түрлі ұлттық ойындар мен викториналар ұйымдастырды. Домбырамен күмбірлеген күй тартылып, қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды. Апталық мазмұнды әрі әсерлі басталды.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.37.07.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.37.16.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.37.25.jpeg

 

 

«Тілім менің ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 12 наурыз күні Ұлықбек Есдаулетұлының “Қара пима” трагедиялық поэмасы тақырыбында 10-сыныпта ашық сабақ өткізілді.
Сабақ өз мақсатына жетіп,тәрбиелік мәні зор болды.
Пән мұғалімі: Мусабаева Эльвира Александровна.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.38.53.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.38.54.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_17.38.54_1.jpeg

 

 

 

2025 жылдың 12 наурыз күні Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 8-сынып оқушылары арасында «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін сынап, түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Интеллектуалдық бәсеке тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті.
Нәтижесінде 8А сынып оқушылары жеңіске жетіп, үздік атанды. Жеңімпаздар арнайы мадақтамалармен марапатталып, сайыс барлық қатысушылар үшін есте қаларлық әсерлі сәтке айналды. Шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ынталандыруға зор ықпал етті.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_18.08.34.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_18.08.35_2.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_18.08.35_1.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_18.08.35.jpeg

 

 

 

 "Тілім менің ғасырларға аманат" атты қазақ тілі мен әдебиеті  кафедрасы  апталығының жоспарына сай мектебімізде 12 наурыз күні 3"А" сынып оқушылары мен  "Бұл кісі - суретші" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар Ә. Қастеев  тің өмірі және туындыларымен танысты. Сабақты өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тнаева Ш.К.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.01.19.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.01.19_1.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.01.19_2.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.01.20.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.01.21.jpeg

 

 

 

 «Тілім менің ғасырларға аманат» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 13 наурыз күні 8а сыныбында “Әлем халқының наурызды тойлау дәстүрлері”  атты ашық сабақ өткізілді. Мұғалім: Кайырбекова Г.Е.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.00.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.01_2.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.01.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.01_1.jpeg

 

 

 

Гимназиямызда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының “Тілім менің – ғасырларға аманат!” апталығы аясында 3Г сыныбында “Бұл кісі – суретші” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевке арналды.  Оқушылар суретшінің өмірі мен еңбектерімен танысып, жаңа сөздер үйреніп, қызықты тапсырмалар орындады. Мұғалімі Есболсын Т. Е.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.24.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.24_1.jpeg

 

 

 

2025 жылдың 14 наурызында Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 5В сыныбында «Көзіңді қорға» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға компьютермен жұмыс жасау кезінде көзді қорғау ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, олар өздері көзді қорғау бойынша ережелер құрастырып, постерлер дайындап, қорғады. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті.
Пән мұғалімі: Байсакалова А. Ж.

WhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.59_2.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.58.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.59_1.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.59.jpegWhatsApp_Image_2025-03-14_at_19.02.58_1.jpeg

 

 

 13-наурыз күні,қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында,5-сыныптары үшін отбасылық “Квест” ойыны өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар әртүрлі аялдамалардың тапсырмаларын орындап,жұмбақтарды шешті. Қазақ тілі білімдерін көрсетіп,шапшаңдылықпен ерекшеленді. 5 “в” сыныбы 1-орынды,5 “б” сыныбы 2-орынды, 5 “а” сыныбы 3-орынды иеленіп мадақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды.

WhatsApp_Image_2025-03-15_at_10.37.07.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_10.37.08.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_10.37.08_1.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_10.37.09.jpeg

 

 

 

14 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында 4В сыныбында "Қалдықсыз өмір сүрейік" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, үйден тұрмыстық қалдықтардан әртүрлі бұйымдар жасап әкеліп, өз қолдарымен жасалған шығармашылық жұмыстарын таныстырып, экологиялық мәселелерді шешудің жолдары туралы ой бөлісті.
Мұғалім сабақты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты әрі мазмұнды етіп өткізді. Сабақ барысында оқушылар экологиялық сауаттылықтарын арттырып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын тереңірек түсінді.
Мұғалімі: Күзембай М. Ж.

WhatsApp_Image_2025-03-15_at_11.41.00.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_11.40.58.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_11.40.59.jpegWhatsApp_Image_2025-03-15_at_11.40.59_1.jpeg

 

 

 

 

28 наурызда мемлекеттік тіл кафедрасының мәжілісі өтіп, онда әр мұғалім дарынды балалармен жұмысты саралап, өзін-өзі тәрбиелеу жоспарына талдау жасады. Сондай-ақ 4-тоқсанның жоспары, онкүндіктің қорытындысы бойынша мәселелер және т.б.. Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Тюлемисова Г.С «Білім беруді жетілдірудегі маңызды жұмыс түрлері» тақырыбында өз баяндамасын көрсетті. Жиын соңында сауалдардың бірі Ғайни Сайынғалиқызы қатысқан республикалық съезге арналды. Тұсаукесерде көптеген қызықты жайттар болды, мұғалімдер көп ақпарат алды.

03   04  05

Мемлекеттік рәміздері

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ
БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
 
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігімен әзірленген
 
Tilqural.kz
Вalatili.kz
Qujat.kz

instagram

Copyright © 2026 КГУ гимназия №2 города Хромтау. All Right Reserve.